Меню KDT

logo.png?_=1704964924

"Саумалкөл қазақ орта мектебі"  КММ

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Хабарлар

    Биылғы өзгеріске толы 2020 жылдың түлектері

    Ұстазға деген алғысым ...
    Саумалкөл қазақ орта мектебін бітіріп жатқан перзенттеріміз – биылғы өзгеріске толы 2020 жылдың түлектері. Балаларымызға өнегелі тәрбие, терең білім беріп, болашаққа шығарып салып отырған мектеп ұжымына, ұжым басшысы Меңдігүл Олжабайқызы Олжабаевнаға, сынып жетекшілері Такауова Жамал Заданқызы және Жетыбаева Гульдана Кайсарбековнаға айтар алғысым:
    «Ұстаз деген қасиетті адам бар,
    Біле білсең – сенің екі анаң бар:
    Бірі – сенің туған анаң болса егер,
    Екінші анаң – ұстаз деген данаң бар», – деп бастағалы отырмын.
    Балаларымыз үшін де, біз үшін де саясында он бір жыл бойы білім алған алтын ұямен, он бір жыл мәпелеп тербеткен, балапан қанаттарын біліммен қатайтып, қияға серметкен ұстаздарымен қоштасу қиын болып тұр. Мектепсіз енді жан-дүниең құлазып қалғандай сезімде жүрміз.
    Жақсылық пен ізгіліктің, парасаттылық пен рухани тәлім-тәрбиенің ордасы – мектеп екеніне бәріміз келісеміз. Әр шәкірт мектеп қабырғасында өткізген оқушылық өмірлерінде ізгілік, білім нәрін бойына сіңірді, ілім-білім мен өнеге-үлгі көкжиегін бойына дарытты. Әр сәт сайын олардың бойындағы осынау өміршең өзгерістерді ұстаздарымен қатар байқап, олармен бірге қуандық, бірге мақтандық деп айтсам, барлық ата-ана менімен келіседі деп ойлаймын. Міне, балаларымыздың асыл да алтын ұясы – мектебінен түлек болып ұшқанының да куәсі болдық.
    Биылғы түлектердің мектептен алған білімдерін шыңдап, еліміздің түрлі оқу орнындарына түсіп жатқанына ата-аналар қауымы қуанып жатырмыз. Мектепті 21 оқушы аяқтаса, олардың 18-і жоғарғы оқу орнына тапсырып, 14 мемлекеттік грантқа ие болса, үшеуі колледжге тапсырып отыр. Бұл үшін ұстаздарына мың алғыс айтамыз. «Бұлақ көрсең, көзін аш», – дегенді ұстанған ұстаздары әр баланың бойындағы көзге көрінбейтін қасиеттерін тереңнен байқап, оларды болашаққа бейімдеп, дұрыс бағыттар таңдауына себепкер болып отыр.
    Бойымызды кернеген қуаныш сезімін жақсы түсінетін жандар – ол балаларымыздың ұстаздары. Сіздер көзіміздің ағы мен қарасындай бүлдіршіндерімізді осыдан он бір жыл бұрын алып келген күннен бастап олардың ең жақын жандарына айналдыңыздар. Біз сіздерге сенім арттық. Ол сенім ақталды. Бізбен бірге олардың болашағына алаңдадыңыздар. Білім берумен қатар, олардың бойына адамгершілік пен адам болмысындағы ең асыл қасиет – ішкі мәдениет шамшырағын жақтыңыздар. Шәкірттеріңізге өздері өсіп келе жатқан елі мен қоғамын, ұлтын сүюді, құрметтеуді үйреттіңіздер. Осындай ұшан-теңіз еңбектеріңіз бен төгілген маңдай терлеріңіз болашақтың қарлығаштары – біздің сүйікті перзенттеріміз үшін атқарылғандығын біз жақсы түсінеміз, сол үшін алғысымыз шексіз.
    Бүгінгі ата-аналар – кешегі мектеп табалдырығын көрген, қабырғасынан түлеп ұшқан шәкірттерміз. Қай кезде болмасын, білім-тәрбие алған ысытық ұямыз бен ұстаздарымыз, сыныптастарымыз жайлы әрдайым сағына айтып келеміз. Енді осы жолды біздің балаларымыз жалғастырады. Біз сияқты олар да алдағы өмір жолында сүйікті мектебі мен ұстаздарын сан мәрте сағынышпен еске алатынына сенемін.
    Биыл мектебіміз өзінің қасиетті қоңырауын балаларымыз үшін соңғы рет соқты. Бұл қоңырау олардың мектептен кейінгі жаңа өмір жолының басталуын білдіргендей. Қимастық көңілмен көзімізге жас келіп тұр: себебі балаларымызбен бірге біз де мектебімізбен, ұстаздарымызбен қоштасқалы тұрмыз. Балаларымызға сәт-сапар десек, ұстаздарымызға мықты денсаулық, олардың қиындығы мен қызығы қатар жүретін еңбек жолдарына мол табыс тілейміз.
    Ата-аналар комитеті: Бейсекеева Асемгуль Туяковна

    На изображении может находиться: 24 человека, в том числе Кгу Саумалкольская Казахская Сш и Кгу Елецкая Сш
     
    01.10.2020
    0

    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Олжабаева Мендигуль Олжабайкызы

    Полезные ссылки