Меню KDT

logo.png?_=1704964924

"Саумалкөл қазақ орта мектебі"  КММ

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Хабарлар

    1 қыркүйек - Білім күнімен құттықтау

    Құрметті Саумалкөл қазақ орта мектебінің ұстаздар ұжымы,
    оқушылар, ата-аналар!
    Сіздерді 1 Қыркүйек-Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Білім және ғылым министрлігі 2020–2021 оқу жылында мектептерде сабақ берудің үш тәсілін ұсынып отыр. Біріншісі – қашықтан оқыту, екіншісі – ата-ана өтініші арқылы бастауыш сынып оқушыларын кезекші сыныптарда оқыту және шағын жинақы мектептерде штатты оқыту түрі. Осының ішінде біздің мектептің 5-11 сынып оқушылары толықтай қашықтан оқыса, 1-4 сынып оқушылары кезекші сыныптарда да, қашықтан да білім алуға бел байлап отыр. Бұл баршамызды үлкен жауапкершілікке тартып, барлық санитарлық талаптарға сай жүргізілетін жұмыс екені белгілі. Бұл ретте мектебіміз жаңа оқу жылына дайын екендігін тілге тиек еткім келеді.
    Ардақты ұстаздар, сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге сабырлық, төзім, жігер тілеймін! Осы қиын жағдайда бәріміз бірлік пен ынтымақта мектептің оқу-тәрбие жоспарында бекітілген іс-шаралардың бәрін еңсеріп, толағай табыстарға жетейік! Ал оқушыларымыз «білім ғасыры» деп аталатын уақытта бүгінгі заманауи әдіс-тәсілдер арқылы білім шыңын бағындырып, жаһандану дәуіріне сай ұрпақ атаныңдар! Биылғы оқу жылында алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерге ерекше еңбекқорлық тілеймін! Өздеріңнен үлкен аға-апаларыңның жолын қуыңдар! Білімді, саналы шәкірт атанып, ұстаздарың мен ата-аналарыңның сенімін ақтаңдар!
    Ата-аналар, сіздерге айтар ақ тілегім: әрқайсыңыз балаларыңыздың оқуда жеткен әр жетістігін көре біліп, қолпаштап, қолдау жасап отырыңыздар. Үкілеген үміттеріңіз, аяулы балапандарыңыз сіздерді тек қана жақсылықтарымен, жетістіктерімен қуанта берсін! Жаңа оқу жылы көп жаңалыққа, ірі табыстарға толы жыл болсын!
    Ізгі тілекпен: Саумалкөл қазақ орта мектебінің директоры
    Меңдігүл Олжабайқызы Олжабаева
    На изображении может находиться: Кгу Саумалкольская Казахская Сш, часть тела крупным планом
     
    01.10.2020
    0

    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Олжабаева Мендигуль Олжабайкызы

    Полезные ссылки