Меню KDT

logo.png?_=1704964924

"Саумалкөл қазақ орта мектебі"  КММ

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Хабарлар

    Еңбек түбі - зейнет

    Еңбек түбі - зейнет
    Өз өмірінің сәулетшісі
    Адам – өз өмірінің сәулетшісі деп бекер айтпаған. Даналар да, даралар да өмір сүрген мына дүниеде әркім өз өмір соқпағын өзі сомдайды екен. Бұл өмірдің мағыналы әрі мазмұнды болуы сол өмір иесіне байланысты. Ғұмырының көп жылдарын еңбектенуге арнаған әрбір адам үшін зейнеткерлікке шығу – өте ерекше және жан толқытар сәт.
    Саумалкөл қазақ орта мектебінің кітапханашысы, ұжымымыздың ардақты да қадірлі мүшесі Нұрбахтинова Айсұлу Шакарманқызын білмейтін жан кемде-кем шығар. Ақ көңілі сәбидей, жаны мөлдір бұлақтай таза, ойы да көркем, бойы да көркем, өзі ақын, өзі әнші, өзі көркемсөз шебері, киелі топырағынан Абай, Шәкәрім, Мұхтардай есімдері әлемге танымал тектілер шыққан сонау Семей жерінің тумасы Айсұлу Шакарманқызы, міне, зейнеткерлік жасқа келіп отыр.
    Саналы өмірінде елі үшін аянбай қызмет атқарған, халқын сүйген Айсұлу Шакарманқызының еңбек жолы өте бай: үлкен өмірге қадамын 1977-1978 жылдары аудандық тұтынушылар одағында сатушылықтан бастаған Айсұлу апай 1978-1982 жылдары Мақаншы аудандық еңбекпен қамсыздандыру бөлімінде инспектор, 1982-1984 жылдары Ақсуат ауданында пошта меңгерушісі, 1984-1988 жылдары жинақтаушы касса меңгерушісі, 1988-1992 жылдары осы Ақсуат ауданындағы клуб меңгерушісі, 1992-1998 жылдары сатушы қызметтерін атқарды. 90-жылдардың соңында Семей өңірінен біздің ауданымызға көшіп келген бойда іле аудан өміріне араласып кетті.1999-2003 жылдары ауданымыздағы Ақан Сері атындағы мәдениет үйінде әдіскер болып жұмыс істеді. Ал 2003-жылдан осы уақытқа дейін Саумалкөл қазақ орта мектебінде кітапхана меңгерушісі болып қызмет атқаруда.
    Жалпы еңбек өтілі 43 жыл болса, соның 17 жылын кітапханашылыққа арнаған Айсұлу Шакарманқызы Солтүстік Қазақстан облысының ең мақтаулы кітапханашыларының бірі. Білім беру жүйесіндегі көп жылдық шығармашылық еңбегі ескеріліп, кітапсүйгіш өскелең ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына атсалысып, олардың мәдени және азаматтық ой-өрісінің дамуына қосқан зор үлесі үшін Айсұлу Шакарманқызы ҚР Білім және Ғылым министрлігінің республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды. «Жылдың үздік кітапханашысы » атағын жеңіп алды. Бірнеше мәрте аудан әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
    Ақын Мағжанның «Дүниедегі теңіз терең емес, адамның жаны терең» деген сөзі біздің Айсұлу Шакарманқызына арналғандай. Себебі тек қана қызметімен шектеліп қалмаған Айсұлу Шакарманқызы ауданымыздың өмірімен өте тығыз араласу үстінде. Мектебіміздің көркемөнерпаздар үйірмесінің белді мүшесі, «Ақ әжелер» тобының жетекшісі, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы, қазақ тілі қоғамының мүшесі, аудандық, мектепішілік мәдени, ғылыми іс-шаралардың ұйытқысы.
    Рухани жағынан сұлу адамдар ғана ең бақытты адамдар болып саналады деп даналар бекер айтпаған. Жан-дүниесі өте бай, көкірегі тұнып тұрған қазына, қазақ халқының ән-жырларын жатқа білетін, өзімен сұхбаттасқан жанды қызықты да мәнді әңгімелермен баурай білетін, кеңес сұрай келген жанның көкірегіне күн орнатып жіберетін Айсұлу Шакарманқызындай жан ілуде біреу сияқты.
    Халқымыздың ғұламасы Қадырғали Жалаири «Кім көпті көріп, көкірегіне түйсе, соның дәулеті артар, игілік оған жар болар, бейнеттен кетіп, зейнетке жетер» деген асыл сөздері, құрметті Айсұлу Шакарманқызы, өзіңіз сияқты көп жылдық еңбектің мәресіне жеткен жандарға арналады. Еңбегіңіз еленіп, міне, зейнет жасқа келіп отырсыз. Ұжым болып Сізге тек шексіз қуанышты, ырысы мол, берекелі күндерге толы ұзақ ғұмыр тілейміз. Нұрландай асыл ағамызбен бірге тәрбиелеп келе жатқан балаларыңыз бен немерелеріңіздің қызығына тоймай, тамашалап, амандықта-саулықта жүрулеріңізге шын жүректен тілектеспіз!
    Саумалкөл қазақ орта мектебінің ұжымы.
     
    На изображении может находиться: 1 человек, солнечные очки, полоски и часть тела крупным планом
     
    01.10.2020
    0

    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Олжабаева Мендигуль Олжабайкызы

    Полезные ссылки