Меню KDT

logo.png?_=1704964924


"Саумалкөл қазақ орта мектебі"  КММ

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Хабарлар

    Мамыр айының 24-і күні мектебімізде 2022-2023 оқу жылының қортындысы бойынша жалпы ата-аналар жиналысы болды.

    Мамыр айының 24-і күні мектебімізде 2022-2023 оқу жылының қортындысы бойынша жалпы ата-аналар жиналысы болды. Алғашқы сөзді күн тәртібіне сәйкес 2022-2023 оқу жылының аяқталуы туралы мектеп директоры Меңдігүл Олжабайқызы Олжабаева бастады. 
     

    Мамыр айының 24-і күні мектебімізде 2022-2023 оқу жылының қортындысы бойынша жалпы ата-аналар жиналысы болды. Алғашқы сөзді күн тәртібіне сәйкес 2022-2023 оқу жылының аяқталуы туралы мектеп директоры Меңдігүл Олжабайқызы Олжабаева бастады. Меңдігүл Олжабайқызы ата-аналарға жалпы мектеп бойынша атқарылған жұмыстар және аудандық, облыстық, Республикалық деңгейдегі мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктерін жеткізді. Директордың оқу-тәрбие ісі жөнінен орынбасары Г. Т. Султангалиева 2022-2023 оқу жылында оқушылардың қатысқан пән олипиадалары мен түрлі сайыстардағы және мәдени-спорттық іс -шаралардағы жетістіктері туралы баяндады. Сонымен қатар Гүлжанат Талғатқызы 2022-2023 оқу жылының аяқталуы мен қорытынды аттестаттаудың тәртібін түсіндірді.
    Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е. А. Алгожин
    мектепішілік есепке алу бойынша түсініктеме ақпарат және әлімжеттіліктің (буллинг) алдын алу жайлы ата-аналарға мәлімдеме жасады, балалардың қауіпсіздік ережелерін сақтауын, жаз айларында жазатайым оқиғалардан сақ болулары тапсырылды.
    Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы, мектеп асханасының жұмыс тәртібі туралы әлеуметтік педагог Ж.З. Такауова ата-аналарға толық ақпарат берді.
    Жиын соңында мектеп директоры Меңдігүл Олжабайқызы мектеп өміріне белсене араласқан ата-аналарға рахмет айтып, Құрмет мадақтамаларымен марапаттады.
    25.05.2023
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Олжабаева Мендигуль Олжабайкызы

    Полезные ссылки